{metadescription}
Жетісу облысында жер үйлерді су басып жатыр
Жетісу облысында жер үйлерді су басып жатыр

Жетісу облысында жер үйлерді су басып жатыр

Жетісу облысында жер үйлерді су басып жатыр. Күннің күрт жылынуынан қар лезде еріп, Қызылжар ауылы қызыл су астында қалды. Жұрттың есебінше, 20-ға жуық үй тұруға жарамсыз болып қалған. Ол аздай, тұрғындар жиған-терген мал азығы сумен ағып кетті деп шырылдап отыр.

«Апат басталғалы ұйқыны ұмыттық» деген әкімдіктегілер шығынды өтеп береміз деп сендіруде.

Мұрат Байдолда бауырларымен бірге кешеден бері көз ілмей қызыл сумен алысып жүр. Әке-шешесі мен балаларын аудан орталығына жіберіпті. Өйткені қар суы үйдің ішіне кіріп кетті дейді. Моншасы құлап, қорасы бел ортасынан суға батқан.

Мұрат Байдолда, Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Материалдық шығын көп. Көмір ағып кетті, екі тонна, жемім ағып кетті малға беретін. Малдың шөбі де кетті. Әкімдіктен көмек болған жоқ. Кеше түнімен ұйықтаған жоқпыз. Үйдің астына дейін су кірді. Ылғал.  

Аяқта резеңке етік, қолда күрек. Қас-қағым сәтте келген апаттан Қызылжар ауылының тұрғындары қатты әбігерге түсті. Кешеден бері ауланы жайлаған суды шығару үшін жан-жақтан арық қазып амалдап жүр.

Ауылда яқ алып жүрудің өзі қиямет-қайым. Сарқырап аққан қар суда қарапайым қараша түгіл, көлік қозғалту қиын. Жолдың ар жағына өтудің өзі қорқынышты. Төменгі ауыл тұрғындары өз үйіне ауыр техникамен де жете алмай отыр.

Қызылжар ауылында мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. Осыдан 13 жыл бұрын тасқын жүріп, сай-саланы су алған.

Әлия Үсенбекова, Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Сол кезден бастап бұның бәрін қолға алу керек еді. Осы уақытқа дейін қақсап, айтып келе жатырмыз. Көпірді жасап қояды. Ол көпірге су сыймайды. Асады да кетеді. Айттық, ешкім қараған жоқ. Төменгі ауылды су басып жатыр. Үйде қарт әкешешеміз отыр.

Баян Сырлыбеков, Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Биыл қыс ерекше болды. Қар қалың жауды. Мал жайыла алмай қалды. Аяқ астынан күн жылып, су ағып, көпірдің бәрі суға толды.

Әкімдіктегілер «білмедік», «күтпедік» дейді. Дегенмен кешеден бері қызыл сумен алысып жатыр. Бірақ, жұрт айтқандай 20 емес, 8-ақ үйді су басты деп отыр.

Қанат Есболатов, Кербұлақ ауданының әкімі:

- Қызыл судың ағып жатқан ағымы үш текше метр болса, қазір біреуіне түсті. Кешелі бері жүрміз. Кеше төрт үй болған. Бір үйдің көмірін, бір үйдің карбын ағызып кеткен, 500 кг. Егер керек болса, орнына алып беретін боламыз.

Мәселенің түп төркіні осы жақтан басталған. Ауылдың жоғарғы жағында жатқан қар еріп, қызыл су төбеден төменге қарай аққан. Қазір мамандар ені бір жарым, тереңдігі екі метр, ұзындығы бір жарым шақырым арықты қазып бітіп қалды. Атқамінерлер енді еш қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде