{metadescription}
Семей мен Өскеменде көктайғақтан мертіккендер ауруханаға сыймай жатыр
Семей мен Өскеменде көктайғақтан мертіккендер ауруханаға сыймай жатыр

Семей мен Өскеменде көктайғақтан мертіккендер ауруханаға сыймай жатыр

Елімізде көктайғақтан жарақат алғандар мен ақтүтек боранда жолда қалғандар көбейді. Семейде көк мұзда тайып қол-аяғын сындырғандар ауруханаға сыймай жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, мертіккендер саны бір аптаның ішінде 300 адамға жеткен.

Шығыс Қазақстан облысында да дәл осы жағдай. Қазір Өскеменде қала ішінде көліктің де, адамның да жүрісі қиындады. Ал Ақтөбе облысында, ақтүтек боран мен көктайғақ салдарынан жолда қалғандар құтқарылып жатыр.

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 24 адам құтқарылды. Жолдардың жабылуына байланысты жеті  автобус пен 400-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұрып қалған. Жолаушыларды жақын маңдағы ауылдарға дереу жеткізіп, мешіт пен мектептерге орналастырған. Кұтқарушылардан көмек сұрағандардың ішінде жүкті келіншек те бар.

Асылбек Оспанов, Ақтөбе облысы ТЖД инспекторы:

- Құтқарушылар 106 Өзбекстан азаматын Әйтеке би ауылының мешітіне орналастырды. Мұғалжар ауданының орталығынан 60 шақырым қашықтықта 24 жастағы жүкті келіншекті денсаулығына байланысты Қандыағаш қаласында жеткізуге көмек қажет деген ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар әйел адамды Қандыағаш қаласының ауруханасына жеткізді.

Өскеменде жаңбырдың соңы қарға ұласты. Еріген қар қатып, көшелерді көк мұз басқан. Қазір қала ішінде көлік тұрмақ, жаяу адамның жүруі мұң. Шығыс Қазақстандағы екі қала мен екі ауданның мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшірілген.

Бұлбұл Қозыбаева ШҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі күннен бастап Шығыс Қазақстан облысында 19 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшірілді. Бұл бірінші кезекте балалардың жарақат алмауының алдын алу. Сондай-ақ балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Семейде де дәл осы жағдай. Көктайғақтан жергілікті травматологияға көмек сұрап келушілер көп. Бір аптаңың ішінде 300-ге жуықтапты. Дәрігерлердің айтуынша, зақым алып жатқандардың дені орта жастан асқандар.

Дәурен Дүйсенов, травматолог:

- Бүгіннің өзінде 45 адам келді. Көбінің аяққолы сынған. Бел омыртқасы,  кеуде жарақаттарымен. Бірі мен бесіне дейін 294 адам келіп түсті. Оның ішінде 94 адамының қолаяғы сынған. Адамдарға көп жүрмей, ауа райының қолайсыздығын көріп тұрып, көшеге  шықпағаны дұрыс.

Қазір дәрігерлермен бірге коммуналдық қызметтің де жұмысы күрт көбейген. Олар шаһар көшелеріндегі көлкіген жауын мен қар суын құрғатып әлек. Бұл жұмысқа 60-тан астам техника мен 10 бригада жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.