{metadescription}
Аркадий Клебанов қамауға алынды
Аркадий Клебанов қамауға алынды

Аркадий Клебанов қамауға алынды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен тағы бір азамат қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолына кісен салынған Аркадий Клебанов (Маневич) – Қазақстан азаматы. Ол кінәсін толық мойындап отыр.

Оған "қоқан-лоқы көресету", "жеке өмірге қол сұғу", "біреудің мүлкін жою", "бұзақылық", "журналистердің кәсіби қызметін атқаруға кедергі келтіру" деген 5 баппен айып тағылған. Тергеуде Клебанов сыбайластарымен бірге мүлік бүлдірумен қатар, ақпарат құралдарының өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандату, хакер шабуыл жасағандығы анықталған. Жауап алу кезінде  күдікті шабуылды өзі ғана ұйымдастырғанын және өзінің жеке себептері болғанын айтқан. Полицияның дерегінше, ол орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта арқылы төлеп отырған. Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде