{metadescription}
Ар-намысына тиетін сөз айтқанға – 340 мың теңге айыппұл
Ар-намысына тиетін сөз айтқанға – 340 мың теңге айыппұл

Ар-намысына тиетін сөз айтқанға – 340 мың теңге айыппұл

Бейәдеп сөйлесеңіз, 69 мың теңгеңізбен қоштасуға дайын болыңыз.  Бүгіннен бастап қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға жаза – қатаң.. Дәлірек айтқанда, айыппұл көлемі өсті.

Азаматтардың басым көпшілігі мұны жаңа заң деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ балағаттағаны үшін жауапкершілік заңда бұрыннан бар. Мысалы, біреудің ар-намысына тиетін сөз айтып, беделіне нұқсан келтірсеңіз – 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 340 мың теңге айыппұл төлейсіз. Немесе 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегілуіңіз мүмкін.

Ал  көпшіліктің ортасында бейәдеп сөз айтсаңыз, бұл ұсақ бұзақылық болып есептеледі. Мысалы, қоғамдық көлікте қарттардың, балалардың көзінше тәртіпсіздік танытсаңыз. Оның жазасы бұрын 17 500 теңге немесе 10 күнге дейін темір торға қамау еді. Бүгіннен бастап қоғамдық орында бейпіл сөйлегендерге айыппұл көлемі 69 мың теңгеге дейін өсті. Ал қамау мерзімі 5 пен 15 күннің арасында. 

Азамат Құрымбаев, ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының міндетін атқарушы:

- Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдеме жинайды. Бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сондайақ құқық бұзушылықтың аудио, бейнетүсірілімі. Қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы. Құқық бағасын сот береді. Қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тынышын бұзса, қай тілде болмасын балағат сөздер айтқаны үшін жауап береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде