{metadescription}
Құқық қорғау органының экс-қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ құрықталды
Құқық қорғау органының экс-қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ құрықталды

Құқық қорғау органының экс-қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ құрықталды

Қарағандыда құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ құрықталды. Мұздай қаруланған 50-ге тарта күдікті аса ауыр қылмыс істеп, ірі өндіріс орындарына қырғидай тиген.

Қылмыстық топ мүшелерін құрықтау операциясы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты өндіріс орындарында жүрді. Өйткені Теміртаудағы метталлургиялық комбинат ұры-қары мен қаскөйлерге май-шелпек болған. Ондағы металға қол салу қылмыстық топтардың ең мықтысына бұйырады.

Өндіріс орындарына қырғидай тигендерді құрықтау кезінде бұған полицелер де көз жеткізді. 200-ге тарта оқ дәрі мен қару жарақ арасында автоматтан бастап гранатомет, жарылғыш гранатаға дейін бар. Тіпті кез келген жердің күлін көкке ұшыратын тротил де табылды. Арасында аса ірі көлемдегі қаражат пен діни әдебиеттер бар. Сондықтан бұларды құрықтауға Ұлттық кауіпсіздік комитеті де қатысқан.

Қуандық Алпыс  ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

- Бұл топтың мүшелері атыс қаруларын қолданып, түрлі қақтығыс ұйымдастырған. Жедел деректер бойныша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық. Оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай ақ күзет органдарының қызметкерлері де бар. Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталуы және бұзақылық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде