Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған пойыз жолаушылары аман-есен еліне жетті
Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған пойыздың жолаушылары аман-есен еліне жетті. Жеті сағат бойы жат елде аялдауға мәжбүр болған көрші ел азаматтары қолдау танытқан жергілікті тұрғындарға риза.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.03.2023
Шойын жолдағы апатқа қатысты тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалып, теміржолшылардың қайсысы қателікке жол бергені анықталып жатыр.
Сенбі күні Бершігүр бекетінде Бішкектен Самараға бағыт алған пойыз тепловозға соғылған. Жолаушылар мінген екі вагон жолдан шығып кеткен. Ешкім зардап шекпеген. Рельсті қалпына келтіру үшін шетелдік пойыз жеті сағат Ақтөбе облысындағы ауылда аялдауға мәжбүр болды. Жергілікті тұрғындар 200-ге тарта жолаушыға сол бойда ас әзірлеп, шәй-суын берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!