{metadescription}
«Ауыл» партиясының өкілдері Қарағанды облысына барды
«Ауыл» партиясының өкілдері Қарағанды облысына барды

«Ауыл» партиясының өкілдері Қарағанды облысына барды

«Ауыл» партиясының өкілдері кеншілер мекенінде жүр. Мәжіліс және мәслихат депутаттығына партиясынан ұсынылған кандидаттар бүгін Қарағанды облысына барды. Өңірдегі ұн тарту кешеніне ат басын бұрып, еңбек ұжымымен кездесті.

Қордаланған мәселелерді шешу және саланы дамыту жолдарын талқылады. Кейін облыс орталығында сайлаушыларымен жүздесіп жиналыс өткізді. Саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Делегация мүшелері ертең Ұлытау облысына баруды көздеп отыр. Айта кетейік, партия өкілдері бұған дейін еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін, шығысын түгел аралап келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде