{metadescription}
ЖСДП өкілдері Екібастұзда электр станциясының еңбек ұжымымен кездесті
ЖСДП өкілдері Екібастұзда электр станциясының еңбек ұжымымен кездесті

ЖСДП өкілдері Екібастұзда электр станциясының еңбек ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлер Павлодар облысында жүр. Олар бүгін Екібастұздағы «бірінші мемлекеттік аймақтық электр станциясының» еңбек ұжымымен кездесті.

Партия мүшелері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі ұстанымдарын түсіндірді. Мекеме қызметкерлері сұрақтары мен алаңдатқан мәселелерін ортаға салды. Жалпы Павлодар облысы штабының белсенділері бүгінге дейін науқан аясында 30-ға жуық шара жүргізді.

Ажар Сағындықова, Павлодар облысы штабының басшысы:

- Кенжекөл, Ленинский секілді елдімекендердегі халықпен кездесу ұйымдастырдық. Бүгінгі күні Екібастұз қаласындағы бірқатар мекеменің еңбек ұжымымен кездесулер ұйымдастырудамыз. Мұнда Баянауыл мен Железинский аудандарына ат басын бұруды жоспарлап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде