{metadescription}
«Мың бала» білім жарысына қатысушыларды тіркеу басталды
«Мың бала» білім жарысына қатысушыларды тіркеу басталды

«Мың бала» білім жарысына қатысушыларды тіркеу басталды

«Мың бала» зияткерлік білім жарысына қатысушыларды тіркеу басталды. Биыл өтінімдер 1-і мен 30-шы наурыз аралығында қабылданады. Ал тіркелу үшін ешқайда хабарласудың қажеті жоқ. Оқушылар тек 1000bala.elumiti.kz сайты арқылы онлайн өтініш қалдыра алады.

Нұрлан Жұмагелді, «Дарын» орталығы директорының орынбасары:

- Оқуда озат жетістіктерге жеткен интеллектуалды жағынан, жақсы көрсеткіштер көрсеткен балаларды іріктеп алып, мамандандырылған мектептерде дайындап, оқытып, болашаққа жол сілтеп, біздің басты мақсатымыз боп табылады. Жалпы бұл олимпиада екі кезеңнен тұрады. Әр мектеп бізде орналасқан өзінің қабылдау мүмкіндігі дейміз ғой, интернатта жатқызу деген сияқты. Мысалы, соның бәрін есепке ала отырып, өздері квота ұсынады. Сол квотаның шегінде біз балаларды қабылдап, оқытамыз.

«Мың бала» олимпиадасына биыл бірқатар өзгешелік енген. Олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. Екіншіден, олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге арнайы сертификат табысталады. Үшіншіден, биыл арнайы сайтта өткен жылдағы тест тапсырмалары бойынша дайындалуға мүмкіндік берілген.  Зияткерлік жарыс төрт жылдан бері оқушылар талабын ұштап, білім белестеріне жола ашып келеді. Және басты ерекшелігі, тек ауыл мектептеріне арналған. Нәтиже бойынша ең зерек мың бала іріктеліп, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші білім ошақтарында, «Білім-инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік беріледі. Үш жыл ішінде олимпиадаға еліміз бойынша 580 мыңнан астам ауыл мектептерінің оқушылары қатысқан. Осы аралықта олимпиаданың 3 мың жеңімпазы анықталып, олардың 960-ы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданған. Ұлттық жобаның бас демеушісі – Нұрсұлтан Назарбаев қоры.

Ерсұлтан Бәрзу, олимпиадаға қатысушы:

- Біз тапсырған кезде негізі бес пәннен сұрақтар қойылған. Маған ұнайтын пәндердің бірі Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, яғни гуманитария жақынырақ. Сұрақтар қиынырақ болды. Математикадан көбі логикалық сұрақ болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде