Алматыда полиция департаменті журналистермен рейд ұйымдастырды
Ереже елемейтін көлік жүзгізушілеріне ескерту жасалды. Алматыда қалалық полиция департаменті журналистермен рейд ұйымдастырды. Науқанның басты мақсаты – тәртіп сақшысының имиджін көтеру. Полицейлер шараны халықаралық әйелдер мейрамына орайластырған.
Автор: Салтанат Шырынхан
06.03.2023
Таңмен таласа тұратын тәртіп сақшыларының жұмысы бүгін де ерте басталды. Жалпақ жұртқа өз жұмысын көрсетуге кіріскен олардың жанында журналистер бар. Тілшілерге де тәртіп бойынша арнайы формамен сап түзетіп, алдағы қыз-келіншектер мерекесімен құттықтады. Патруль полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге науқан аясында қала ішін барлауға аттанды. Тәртіп сақшыларының негізгі жұмысы 102 нөмірі бойынша шақырту қабылдау. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасын реттеп, ереже бұзғандар мен мемлекеттік нөмірсіз жүргендерді тоқтатады. Көліктерінің терезесін тұмшалап алғандарды қадағалайды. Бұлардың бәріне қолданатын жаза – әкімшілік хаттама. Полицейлердің айтуынша, бір ғана Медеу ауданының өзінде күніне дәл осындай 150-ге жуық заң бұзушылық анықталады екен. Әсіресе қала ішінде автотұраққа көлігін дұрыс қоймайтындар көп дейді.
Ақжол Нүсіпбеков, Алматы ПД патруль полициясының аға лейтенанті:
- Жұма, сенбі күндері рейд болады. Агрессивті жүру дейді. Жолкөлік ережесін бұзғандар, көлікті тоқтатамыз немесе қатты жүрген көлікті тоқтатып, заңды түрде әкімшілік хаттамасын толтырамыз. 608 бап, 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Ол көлік құралын жүргізуші мас күйінде айдағандарға. Ол жерге 7 жыл. Ал қамау 15 күн. Ең қатаң жаза сол болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!