{metadescription}
Көкшетауда қоныс колониясындағылар туған-туысымен қауышты
Көкшетауда қоныс колониясындағылар туған-туысымен қауышты

Көкшетауда қоныс колониясындағылар туған-туысымен қауышты

Көкшетаудағы қоныс колониясында жазасын өтеп жатқандар екі жылдан кейін туған-туысқанымен қауышты. Олар бұл күнді «Аналар күні» деп атапты. Пандемиядан кейінгі алғашқы кездесуге  сотталған әйелдер ерекше әзірленген.

Ақмарал Мендалиева, жазасын өтеуші:

- Арманым тезірек бостандыққа шығып, отбасыммен амансау қауышу. Осындай байқау өте қажет. Себебі, үйде болғандай сезінеміз.

Бұл отбасын, ошақ қасын сағынған әйелдің сөзі. Тура жолдан тайып, түрлі қылмысқа барғандардың арасында абайсызда адам өлтіріп, есірткі сатып, ақша ұрлағандар да бар. Осындай ауыр қылмыс жасап, жазасын өтеу мерзімі аяқталуға аз қалғанда тәртібіне қарап, көпшілігін осы қоныс колониясына ауыстырады екен. Бұл жолғы кездесуді олар ұзақ күткен. Өйткені көктем мерекесіне анасы шақырылатынын естіген. Сондықтан қыз-келіншектер түрлі тағам пісіріп, әркім өз қолымен дайындаған дәмін келген қонақтарға ұсынды. Сондай-ақ колониядағы «Аналар күніне» аналар жайлы ән шырқап, сахна қойылымдарын қойып берді.

Нұрлан Әлібеков, Ақмола облысы ҚАЖД департаменті №6 түзеу мекемесінің бастығы:

- Бізде бұл «Ашық есік» күні екі жылдан аса өткізілген жоқ. Өйткені білесіздер, пандемия болды. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты «Ашық есік »күнін өткізіп жатырмыз. Бұл өткізген себебіміз, сотталушылармен атааналары арасында әлеуметтік байланысты нығайту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде