Жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады
Жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады. Биыл Үкімет құлқыны кеңдердің көмейіне түспей қалған немесе солардан тәркіленген қаржыны осынша білім ошағын салуға жұмсамақшы.
Автор: Әзиза Төленби
07.03.2023
Бұл елдегі мектеп тапшылығын жоюға бағытталған шараның бірі. Жаңа мектептер әр өңірде салынады дейді оқу-ағарту министрі. Жемқорлардан тәркіленген 120 миллиардтың білім беруді қолдау қорына түскенін бұған дейін қаржы министрі де хабарлаған-ды.
Негізі жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң, мемлекетке өтіп, түгел мектеп құрылысына жұмсалуы тиіс деген президенттің тапсырмасынан кейін осы шара бірден қолға алынған.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!