Ақтөбеде бір жасар сәбидің өліміне қатысты құрылған комиссия қорытындысы
Ақтөбеде бір жасар сәбидің өліміне қатысты құрылған комиссия өз қорытындысын жариялады. Олар жауапты мекемелер тарапынан тиісті бақылау болмағанын мойындайды. Бірақ баласы үшін тек ата-анасы кінәлі деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.03.2023
Осыдан бір апта бұрын ішлікке салынған келіншектің ашқұрсақ балаларына қатысты ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Шетінеген сәбидің табытының қасында бұратылып жатқан төрт жасар баланы еріктілер тауып алған. Ата-анасының араққа салынғаны сонша, мәйітті көмуге де мұршасы болмапты. Кейін тексеру кезінде маскүнем ананың бірнеше жыл бұрын тағы бір баласының шетінегені белгілі болды. Ол да ауырып қайтқан. Учаскелік дәрігерлер бұл отбасының үнемі көшіп-қонып жүретінен айтады. Сондықтан балаларына екпе де салынбаған. Ал қамқоршы комиссиясы мен тәртіп сақшыларының әлеуметтік жағдайы төмен мұндай отбасыларды тексеруге қатысты нақты ереже жоқ екен. Яғни жауаптылардың қанша күн сайын тексеріп, балалардың жағдайын қадағалап тұруы нақтыланбаған. Сондықтан ешкімді жазалай алмаймыз дейді балалар құқығына жауапты уәкіл.
Еділ Аймағанбетов, Ақтөбе облысы балалар құқығын қорғау уәкілі:
- Біздің қателігіміз бар. Оны мойындау керек. Бұлардың мемлекеттің қарауында болу керек. Ол шарт және ол қамқорлық әлсіз тұстары бар екенін көріп отырмыз. Осы оқиға соның дәлелі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!