{metadescription}
A-Parking бұғатталған шотындағы ақша 600 миллионнан асыпты
A-Parking бұғатталған шотындағы ақша 600 миллионнан асыпты

A-Parking бұғатталған шотындағы ақша 600 миллионнан асыпты

Ақы да, айыппұл да бұғатталған шотта. Алматыдағы A-Parking ақылы автотұрақтары әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр. Тек одан түскен ақшаны әзірге ешкім жұмсай алмайды. Ал сол бұғатталған шоттағы ақша 600 миллион теңгеден асыпты.

Әсет Төлеушев, Алматы мобильді басқармасы басшысы орынбасарының м.а.:

- Осы уақытқа дейін жұмыс істеген компания жұмысын жалғастыра береді. Автотұрақтар штат режимінде жұмыс істеп, айыппұлдар салынып жатыр. Мамандар тиісті бақылауды жүргізуде. Биыл 7 наурызда компания шотындағы сома 600 миллион теңгеден асады. Бұл қаражат күн сайын көбейіп келеді және барлық рәсім аяқталғаннан кейін құрылған мемлекет кәсіпорнының шотына беріледі.

Ал ақылы паркингті май-шелпекке айналдырған A-Parking компаниясының экс-басшыларына күні кеше сот үкімі шыққан. Автотұрақ қызметін басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Марат Пірінбековті сот 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сол Серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаев 6 жарым жылға сотталды.

 A-Parking компаниясының экс-басшылары былтыр сәуір айында құрықталған. Сол кезде оларға аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған. 

Айәділ Сайлаухан, Алматы сотының баспасөз хатшысы:

- Сот компанияның директоры П. есімді сотталушы Б. есімді азаматпен алдын ала сөз байласып, автотұрақтардан түскен 225 миллион теңгені жымқырған. Серіктестіктің бас директоры Б.есімді азамат іздеуде жүрген адаммен алдын ала сөз байласып, автотұрақтан түскен 190 миллион теңгені қолды қылды. Автотұрақтардан мемлекетке түсетін дивидендтің 30 пайызы берілмеді. Бұл сома 436 миллионнан асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде