{metadescription}
Ақтөбеде бомба қойылды деп жұртты дүрліктірген тентек ұсталды
Ақтөбеде бомба қойылды деп жұртты дүрліктірген тентек ұсталды

Ақтөбеде бомба қойылды деп жұртты дүрліктірген тентек ұсталды

Ақтөбеде бірнеше білім ошағына бомба қойылды деп жұртты дүрліктірген тентек ұсталды. Ол Батыс Қазақстан облысының оныншы сынып оқушысы болып шықты.

Көрші өңірде отырған күдіктіні анықтау үшін тәртіп сақшылары тоғыз ай бойы тексеру жүргізіпті. 15 жастағы бозбала үйінде ерігіп отырып хабарлама жіберген. Айғақ ретінде оның компютерін тәркілеп, өзі де кінәсін бірден мойындады.

Былтыр мамырда Ақтөбедегі төрт университеттің ғимаратына бомба қойылғаны туралы электронды поштаға хат келген. Студенттер сабақтан дереу босатылып, мұғалімдер де үйіне қайтарылған. Күні бойы ғимараттың  маңы қоршауға алынып, саперлар барлық жерді тінтіп шыққан. Бірақ ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Есесіне құзырлы органдарды аяғынан тік тұрғызған оқушы үшін енді ата-анасы жауап береді. 

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жалған терроризм туралы хабарлама кәмелетке толмаған баладан келсе, онда оның істеген ісіне атаанасы жауап береді. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасынан арнайы қызметтің жалған қоңырауға жұмсалған шығыны өндіріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде