{metadescription}
ОСК екі министрлікпен бірлесіп арнайы онлайн қызмет түрін ойлап тапты
ОСК екі министрлікпен бірлесіп арнайы онлайн қызмет түрін ойлап тапты

ОСК екі министрлікпен бірлесіп арнайы онлайн қызмет түрін ойлап тапты

Екі миллионнан астам смс-хабарлама жіберілген. Хабарлама арқылы қазақстандықтар өзінің қай орталықта дауыс беретінін анықтай алады. Бірақ азаматтардың өз учаскесін адаспай табуы үшін Орталық сайлау комиссиясы қос ведомство ішкі істер және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп арнайы онлайн қызмет түрін ойлап тапқан.

Константин Петров, ҚР ОСК Төрағасының орынбасары:

- Азаматтар көбіне өзінің қай учаскеде тіркелгенін уақтылы тексермейді. Нақты сайлау күні атыжөнін тізімнен таппай мәселе туындайды. Мұның алдын алу үшін Орталық сайлау комиссиясы цифрлық даму және ішкі істер министрлігімен бірлесіп онлайн қызмет түрін ойлап тапты. Біріншісі, азаматтар электронды үкімет порталы арқылы тұрғылықты мекенжайындағы учаскеде тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексере алады. Егер өзін таппаған жағдайда өтініш беріп тіркете алады. Екіншісі, азаматтар тұрғылықты мекенжайынсыз дауыс беруге тіркеле алады.

Жалпы елдің 48 мың азаматы өзін тұрғылықты мекенжайындағы дауыс беру орталығынан алып тастау туралы өтініш берген екен. Сондай-ақ өңірлерде 230 колл-орталық ұйымдастырылған. Ол арқылы да қазақстандықтар өзінің сайлау учаскесі туралы ақпарат ала алады. Саяси науқан кезінде азаматтарды: «Цифрлық құжат арқылы дауыс бере аламыз ба, жоқ па?» деген сауал жиі мазалайды дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Өз таңдауыңызды жасау үшін жеке куәлігіңізді өзіңізбен ала келу міндетті емес деп тағы бір мәрте еске салды. Былтырғы президент сайлауында мұндай жаңалықты қолданғанмен, азаматтардың басым көпшілігі бұған әлі үйрене қоймаған сияқты. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясындағылар арнайы түсіндірме ролик те әзірлепті. Оны республикалық арналардан көрсетуді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде