ҚХП өкілдері Ақтауда мұнайшылар, көпбалалы аналар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
Қазақстан халық партиясы үгіт-насихат жұмысымен Ақтаудағы нан және тоқаш өнімдерін шығаратын фабрикада болды.
Автор: Айғаным Достанбай
07.03.2023
30 жыл бұрын негізі қаланған мекемеде қазір 200-ден астам адам еңбек етуде. Осы ұжымның күшімен тәулігіне 15 тоннаға дейін өнім дайындалады. Партия мүшелері жұмыскерлердің әлеуметтік салаға қатысты мәселелерін тыңдап, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері мұнайшылар, көпбалалы аналар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.
Алқажан Еділхан, Қазақстан халық партиясының мүшесі:
- Өз жұмысымызды Жаңаөзен қаласынан бастадық. Шетпеде болдық. Негізінен ауыл шаруашылық ауданы. Ақкент қаласында болдық. Партияның бағдарламасымен таныстырдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!