«Байтақ» кандидаттары «Дауыс» коалициясы өкілдерімен кездесті
«Байтақ» жасылдар партиясының кандидаттары «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдерімен кездесті.
Автор: Айғаным Достанбай
07.03.2023
Жүздесу барысында партия бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экологиялық мәселелер талқыланды. Тараптар алдағы науқанның маңыздылығы, елде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде әңгімелесті.
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар бірлестігінің құрамында 162 үкіметтік емес ұйым мен 18 мыңнан астам байқаушы бар.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы:
- Біздің басты мақсат – барлығының заң шеңберінде өтуін қадағалау. Неғұрлым байқау институттары дамыған болса, соғұрлым мына үрдіс таза және ашық түрде өтетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!