«Ақ жол» өкілдері семейлік кәсіпкерлермен кездесті
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Абай облысында жүр. Олар елімізге экономикалық маңызы бар өңірдің өндірістік кешенімен танысып, семейлік кәсіпкерлермен кездесті.
Автор: Салтанат Шырынхан
07.03.2023
Сапар барысында партия өкілдері бірқатар жергілікті кәсіпорынды аралап, ұжымға өздерінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Алдымен тұқым өңдеу зауытына табан тіреген ақжолдықтар жұмысшыларды мазалаған сұраққа құлақ түрді. Сапар соңында автобустар мен фургондар құрастыратын зауыт ұжымымен кездесті. Алдағы уақытта асығымыз алшысынан түссе, мекемеге қолдау жасаймыз дейді партия өкілдері. Онда жалпы 500-ге жуық адам жұмыс істейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!