{metadescription}
ЖСДП өкілдері Екібастұздағы тарихи-өлкетану музейінде болды
ЖСДП өкілдері Екібастұздағы тарихи-өлкетану музейінде болды

ЖСДП өкілдері Екібастұздағы тарихи-өлкетану музейінде болды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мүшелерінің Павлодар облысындағы үгіт-насихаты жалғасып жатыр.

Депутаттыққа үміткерлер бүгін Екібастұздағы тарихи-өлкетану музейінде болды. Ұжыммен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын талқылады. Мұражай қызметкерлері мәдениет саласындағы және өңірдегі бірқатар мәселені ортаға салды. Павлодар облыстық штаб өкілдері бүгінге дейін 30-дан астам іс-шара өткізген.

Қанат Сақауб, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі:

- Аймағымыздың әлі аралайтын ауданы көп. Өзіміздің бағдарламамызбен әлі көптеген ауылдарға барамыз. Жалпы облыс бойынша халық жақсы қабылдап жатыр. Ең бастысы – сайлаушылардың белсенділігі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде