{metadescription}
Шымкентте экологияға зияны бар кәсіпорындарға айыппұл салынып жатыр
Шымкентте экологияға зияны бар кәсіпорындарға айыппұл салынып жатыр

Шымкентте экологияға зияны бар кәсіпорындарға айыппұл салынып жатыр

Шымкентте тұрғындарды жағымсыз иіспен улап, қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатқан кәсіпорындар жаппай айыппұл арқалауда. Тоқтаусыз шағымнан соң қаланың экология департаменті 18 өндіріс орнын тексеріпті. 11-не айыппұл салып, жетеуін жауып тастады.

Ордабасы мен Оңтүстік деп аталатын индустрия аймақтардағы асфальт шығаратын зауыт, сабын және металл өндіретін кәсіпорындар газ тазалау қондырғысын қолданбай, соның салдарынан ауаға мөлшерден тыс у тараған. Ал, құрылыс заттарын шығарумен айналысатын бір кәсіпорын сарқын суын жерге ағызып келіпті. Былтыр ескерту жасап, 38 миллион теңге айыппұл салған мамандар нәтиже шықпаған соң жеті кәсіпорынды сотқа беріп жаптырған.

Сабыр Балыбек, Шымкент экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.:

- Кәсіпорындар экологиялық рұқсат беретін құжатсыз жұмыс істейді.  Онымен қоса өзіне белгіленген шекті мөлшердегі концентрациядан асып кеткен, департаменттің сынақ зертханасында анықталды. Сынама нәтижесінде белгіленген шек мөлшерінен асып кеткен. Ол жерде түрлі заттар шығады, ластаушы концентрация бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде