{metadescription}
Ақтөбелік шенеуніктер қыс бойы қарды дұрыс тазаламағанын мойындады
Ақтөбелік шенеуніктер қыс бойы қарды дұрыс тазаламағанын мойындады

Ақтөбелік шенеуніктер қыс бойы қарды дұрыс тазаламағанын мойындады

Ақтөбелік шенеуніктер қыс бойы қаланың қардан дұрыс тазартылмағанын мойындады. Енді шаһардың барлық көшесі көлкіген суға толған кезде шарасыз болып отыр. Су тасқынының алдын алуға жөні түзу құрылғы мен замануи техниканың жоқтығы қолбайлау болды деп ақталуда.

Серік Дәулетов, Ақтөбе ТКШ сектор меңгерушісі:

Қаламыздың тұрғындарынан 382 өтініш келіп түсті, су сору жұмысына. Тиісті жұмыс атқарылды. Қар тез еріп, соған жаңағы машина үлгермей қалып жатыр.

Ақтөбеде мұз қатып қызыл судың жайылмауына ауа райы қарасып тұр. Қала әкімі қыс бойы жөнді қамданбағанын айтып, тұрғындарға қиындық келтірген себептерін әлеуеметтік желідегі парақшасына тізіпті. Әйтсе д қауіп әлі сейілген жоқ. Жеке сектордағы тұрғын үйлерді мұз бен қардан тазартып үлгермей жатыр.

Қызылорда облысында Сырдария арнасынан асып кетті. Жалағаш пен Жосалы арасындағы жол бойында көпірдің бір бөлігін су шайып кеткен. Бұл жол арқылы Далдабай мен Қызылтам ауылдарына қатынайды.

Ақтөбе өңірінде Байғанин ауданындағы үш ауыл да неше күннен бері облыс орталығымен қатынаса алмай отыр. Ондағылар керек-жарағын Атыраудың Құлсары кентінен жеткізіп амалдауда. 

Құмар Тұрмағанбетов, Ақтөбе облысы ТЖД бөлім бастығы:

- Байғанин ауданында Оймауыт, Қарауылкелді-Оймауыт бағытында жол бойында, Алтау батыр тұсында көпір, көпір емес су өткізу құбыры, соның Сағыз өзені деңгейі келгенде шыдамай, сол жерде шайып кетті. Енді арғы жағында үш елдімекен қалып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде