{metadescription}
Шетел хакерлері меморгандардың компьютерінен құжаттар ұрлаған
Шетел хакерлері меморгандардың компьютерінен құжаттар ұрлаған

Шетел хакерлері меморгандардың компьютерінен құжаттар ұрлаған

Шетел хакерлері мемлекеттік органдардың компьютерінен құжаттар ұрлаумен айналысқан. Мемлекеттік техникалық қызмет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, тыңшылықпен айналысқан арнайы топты әшкереледі.

Жалпы соңғы жылдары кибершабуылдың қарқыны бұрынғыдан да үдей түсуде. Әлемде әр 14 секунд сайын хакерлер теріс пиғылын жүзеге асырып үлгереді екен. Ал Қазақстандағы ең ауқымды шабуыл өткен жылдың қазан айында болған еді. Ол кезде ақпарат порталдарына бір айда 20 миллион шабуыл жасалған.

Бұл жолы хакерлер шабуылынан мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың базасы зардап шеккен. Әбден әккіленіп алған тыңшылар біраз уақыт бойы компьютердегі құпия құжаттарды жинаумен айналысып келіпті. Тіпті жүйенің жұмысына жауаптыларға титтей де күдік тудырмаған дейді мемлекеттік техникалық қызмет ұйымындағылар.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ:

- Хакерлердің құрамындағылар жоғары технологиялық кибер тыңшылықпен айналысқандар. Базаны бұзғандар жүйедегінің бәрін бірдей ұрламаған, тек маңызды деген ақпараттарға ден қойған. Мемлекеттік органдармен және ІТ ұйымдармен бірлесіп, хакерлердің әр қадамын зерттеп, оларды жоюды бірден қолға алды. «Жәбірленушілердің» инфрақұрылымындағы вирустар туралы қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, сапалы тазарту жүргізу үшін түбегейлі шаралар қажет болды.

Соңғы онжылдықта цифрландырудың қарқынды дамуы барлық саланың жұмысын жеңілдетті. Десе де ақпарат қауіпсіздігі едәуір ақсап тұр. Соның салдарынан әлемде әрбір 14 секунд сайын хакерлер құпия құжаттарды қолды етеді. Жарты жыл бұрын Қазақстан ауқымды кибершабуылға төтеп берді. Ол уақытта бір айдың ішінде хакерлер 20 миллион заңсыз шабуыл жасаған екен. Сала мамандары кибершабуылмен күрестің әлемде кең тараған әдісін сынақтан өткізуде.

Олжас Сатиев, Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының негізін қалаушы:

- Гугл, Фейсбук секілді ауқымды компаниялар хакерлерге өз базаларын бұғаттауға рұқсат етуді трендтке айналдырған. Табылған ақауларды қайтадан өзіне сатуға шақырып отыр. Біз де осындай шешім қабылдадық. Қазақстандық ғана емес, шетелдік хакерлерге үндеу жасадық. «Жігіттер, біздің базаны бұзатын болсаңдар, сол ақауларды өзімізге саудалаңдар» дедік. Заңды түрде. Ақпаратты өшіру, көшірудің қажеті жоқ. Ал біз оның ақысын береміз. Пентагон осы бойынша жұмыс істеуде, Сингапурда да бар бұл әдіс. Пилот жобада 1500 хакер тіркелді. Олар 1800-ге жуық ақау тапқан.

Заңсыз шабуылдардың артында көбіне шет мемлекеттердің мүддесі үшін жұмыс істейтін хакерлер тобы әшкере болып жатады. Қаржыландыру жағы көлемді әрі топтың құрамына кілең мықтыларды тартқан. Психолог мамандардың сөзінше, балалардың жастайынан гаджетке тәуелді болуының екі түрлі зардабы бар. Әуелгісі, баланың аутизмге щалдығуы. Екіншісі, компьтерлік бағдарламаларды бес саусағындай игеріп, оңай табыс табу жолында хакерге айналатындар.

Әсел Исаханова, психолог:

- Біз игерген кез келген білімді дұрыс бағытта жұмсай білуіміз керек. Қолдануымыз керек. Боксты мысалға алайық. Ол жерде үйренгенін бала спорт жарыстарында, турнирлерде жұмсауға, сынап көруге мүмкіндік алады. Ал хакерлерде ондай мүмкіндік жоқ. Олар игерген білімін тиісті бір бағытта сынай алмайды. Олардың қызығушылығы жоғалады. Содан кейін осындай теріс әдіспен өзін, білімін дамытып жатырмыз деп ойлайды. Артынша, мені ұстай алмайды, менің мүмкіндігім шексіз деген ұстаныммен өмір сүреді.

Мұны киберқауіпсіздік саласының мамандары да растап отыр. Мықты кәсіби маман мен хакердің білім деңгейі бірдей. Айырмашылығы – білімін екі түрлі бағытта жұмсау. Дегенмен соңғы жылдары ақпараттық қауіпсіздік саласына қолдау артқан. 2021 жылға дейін 20 мың грант бөлінген болса, қазір ол көрсеткіш бес есеге көбейген.

Батыржан Шакманов, MSSP Global ақпараттық қауіпсіздік компаниясының коммерциялық директоры:

- Жалпы білім жағынан айтатын болсақ, специализация ретінде хакерге де, ақпараттық қауіпсіздік қызметкеріне де, шамамен бірдей білім қажет. Тек хакер болуға жас кезінде қызығушылық көбірек болуы мүмкін. Өйткені аз уақытта көп табыс ала алады. Соған қызығып, сол жолға түседі. Жалпы елімізде жыл өткен сайын ақпарат қызметкерлер саны артуда.

Қазақстанның киберқауіпсіздік рейтингіндегі орны бар-жоғы үш жылда 103-тен 31-ші орынға көтеріліпті. Елімізде қазір 40-қа жуық компания, сондай-ақ 19 жеке қауіпсіздік операция орталығы мен 25 орта оқу орны бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде