{metadescription}
Грузияда жаппай наразылыққа себеп болған заң жобасы кері қайтарылды
Грузияда жаппай наразылыққа себеп болған заң жобасы кері қайтарылды

Грузияда жаппай наразылыққа себеп болған заң жобасы кері қайтарылды

Грузияда жаппай наразылыққа себеп болған заң жобасы кері қайтарылды. "Шетел агенттері туралы" даулы заңды парламентке талқылауға ұсынған билік партиясы қарсылық қарқын алған соң кері қайтаруға мәжбүр болды.

Ақпанның соңында Грузия парламентіне "Шетел агенттерін тіркеу туралы" заң жобасы ұсынылған. Онда бюджетінің кемі 20 пайызы шетелден қаржыландырылатын барлық БАҚ және коммерциялық емес ұйымдар "шетелдік агент" болып танылады деп көрсетілген. Яғни жеке және заңды тұлғаларға арнаулы реестрге тіркелуді міндеттейді. Әйтпесе ірі көлемде айыппұл салынуы немесе бес жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Осылайша оппозиция өкілдері мен мыңдаған азамат екі күн бойы шеру ұйымдастырды. Алғашында тыныш өткен митинг, түнге қарай Парламент ғимаратының терезелерін сындырып, ішінде ойран салумен жалғасқан. Оларға қарсы тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, су шашты. Жүзден аса белсенді тұтқынға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.