{metadescription}
Бурабай ауданы көпбейінді аурухана жекеге өтіп, дәрігерлер өтемақысыз қалған
Бурабай ауданы көпбейінді аурухана жекеге өтіп, дәрігерлер өтемақысыз қалған

Бурабай ауданы көпбейінді аурухана жекеге өтіп, дәрігерлер өтемақысыз қалған

Ақмола облысында бүтін бір ауданның 600-ден аса медицина қызметкері сауықтыруға арналған төлемнен қағылды. Бурабай ауданы көпбейінді  аурухана жекеменшіктің қолына өтіп кеткен. Сонда жұмыс істейтін ақ халаттылар жылына бір рет төленетін қосымша қаражаттан қағылдық дейді.

Щучье қаласы мен жақын маңдағы 16 елдімекенге медициналық қызмет көрсететін мамандар өтемақыны қысқартып тастаған «Авиценна-Бурабай» Серіктестігінің шешіміне үзілді-кесілді қарсы.

Жылына бір рет берілетін сауықтыру ақысы Еңбек кодексінде көрсетілген. Оны 40 жыл еңбек өтілі бар дәрігерлер жыл сайын алып келіпті. Енді биыл ондай төлем болмайды дегенді осыдан екі апта бұрын естіп дүрлігіп жүр. Өйткені жұмысы ауыр, жүйке тоздыратын еңбекте өзіңді сауықтыру қажет дейді жиналғандар.

Жазира Жәкенова, учаскелік мейірбике:

Осындай жағдайға әкеліп отырған – сауықтыру. Жылына бір рет төленетін  өтемақы, бәріміз демалысқа шығамыз ғой, сол кезде төленетін өтемақымызды кесіп тастады.

Мәриям Бәшенғұлова, дәрігер:

- Мен 40 жыл осы мекемеде дәрігер болып еңбек етемін. Осы жылдар бойы еңбек демалысына шыққанда сауықтыру жәрдемақысы үзіліссіз беріліп келді. енді не болып қалды? Учаскемде екі жарым мың бар. Олардың әрбірін жақсы білем. Неге мен басқа жаққа ауысуым керек?

Ауысып кете салатын бұл қалада бұдан басқа медициналық мекеме жоқ. Бұл аудан орталығы – Щучье қаласындағы бұрынғы аудандық аурухана. Емханасы да бірге аталған Серіктестікке қарайды. Осыдан бес жыл бұрын елдімекендердегі 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік,30 медицина пунктін жекеге бере салған.

74 мың азаматқа медициналық қызмет көрсететін  аудандық аурухана жекенің қолына өткелі қызметкерлер пәтер кезегіне де тұра алмайтын болған. Қазаншының өз еркіне салған жекенің ісіне әкімдік те, денсаулық сақтау басқармасындағылар да араласа алмайды.

Евгений Бекаев, «Авиценна Бурабай»ЖШС директорының міндетін атқарушы:

Иә,биылдан бастап сауықтыру  жәрдемақысын алып тасталды. Бірақ жеке компанияның есебін дәл қазір сіздерге айта алмаймын. Біздің серіктестік бәрін заң шеңберінде істеп отыр. Өз қызметкерлерімізге, жақсы жұмыс істейтін дәрігерлерге көмектесеміз. Бірақ әкімдіктен еш қолдау күтпейміз.

«Бәрін заң шеңберінде жасаймыз» деп отырған мекеменің бұған дейінгі директоры қаржы жымқырып, ісі сотта қаралып жатыр. Ал қазіргі басшылық медицина қызметкерлерінің сауықтыру жәрдемақысы енді төленбейді деп ашық айтты. Сондықтан ақхалаттылар тиісті өтемақыны талап етіп құзырлы органдарға хат жазып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.