Amanat партиясы: Жұмыссыз жүрген жастардың санын азайту керек
Жұмыссыз жүрген жастардың санын азайту керек. Осылай деген Amanat партиясының өкілдері үгіт-насихатпен Шымкентке барып, базарда өзін жұмыспен қамтыған жастармен жүздесті.
Автор: Салтанат Шырынхан
09.03.2023
Партиялықтар тұрғындарды бағдарламасымен таныстырып, түрлі тақырыпта пікір алмасты. Сондай-ақ шаһар жастарына тегін кәсіптік білім алу, кәсіпкерлік негіздеріне оқу және өзге де мәселе бойынша қолдау көрсететінін жеткізді.
Ерлан Қошанов, Amanat партиясының төрағасы:
- Өзгеріс болғаннан кейін, ол өзгеріс тек Президент немесе Үкімет, не партия ғана өзгермеу керек. Сіздер де өзгерулеріңіз керек. Өзгеріс деген не? Ол белсенді болу керек. Ұмтылу керек, беріліп жатқан мүмкіндікке қол жеткізу үшін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!