«Байтақ» партиясы елдімекендерде 40-тан астам кездесу өткізіп үлгерді
Жамбыл облысындағы үгіт-насихат сапары жалғасып жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері жұмысшы азаматтармен кездесті.
Автор: Елдос Есенбол
09.03.2023
Өңірлік штаб өкілдері «Жамбыл-су» коммуналдық мекемесіне барып, ондағы еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қоршаған ортаға тікелей қатысты таза ауыз су, кәріз жүйесі тұрмыстық қалдықтар мәселесі төңірегінде пікір алмасты. «Байтақ» партиясының өңірлік штабы аудандар мен елдімекендерде 40-тан астам кездесу өткізіп үлгерген.
Жанат Шымырбаева, кәсіпорынның бөлім басшысы:
- Партия өкілдерімен кездестік. Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Өзімізді мазалап жүрген түрлі сала бойынша сұрақ қойдық. Кездесу еркін, ашық форматта, жақсы өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!