{metadescription}
ЖСДП Павлодар облысында үгіт-насихат жүргізіп жүр
ЖСДП Павлодар облысында үгіт-насихат жүргізіп жүр

ЖСДП Павлодар облысында үгіт-насихат жүргізіп жүр

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Павлодар облысы штабындағы жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихатын жалғастыруда.

Олар бүгін Екібастұз тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақша таратып, плакат ілді. Сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр.

Ажар Сағандықова, ЖСДП Павлодар облысы штабының басшысы:

- Күніне екі-үш мыңға жуық үгіт парақшасын арнайы тақтайшаларға жапсырып, көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне саламыз. Бәрі сайлау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сайлауалды бағдарламамыз бен жалпы науқанның маңыздылығын түсіндіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.