{metadescription}
Ақтөбе облысында өзендер арнасынан асып, көпірлерді шайып кеткен
Ақтөбе облысында өзендер арнасынан асып, көпірлерді шайып кеткен

Ақтөбе облысында өзендер арнасынан асып, көпірлерді шайып кеткен

Ақтөбе облысындағы өзендер де арнасынан асып жатыр. Сай-салаға симаған су көпірлерді шайып, көлік қатынасын тоқтатты. Сондықтан құтқарушылар күні-түні қауіпті аумақтарды бақылауға алып, көпірлерді күзетіп отыр.

Ал Байғанин ауданында төрт үй су астында қалған. Темір ауданында үйі бұзылған бір отбасы уақытша баспанаға көшірілді. Облыс орталығында да тасқыннан көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Қырдан аққан қызыл судың кесірінен Темір ауданында бір отбасы баспанасыз қалды. Саман кірпіштен қаланған қабырғалары құлап, тұруға жарамсыз болған. Жергілікті әкімдік төрт балалы отбасыға уақытша баспана тауып беріпті.

Ойыл өзені арнасынан асып, Қайыңды мен аудан орталығын жалғайтын жолды шайып кетті. Қатынас тоқтап, көліктер айналма жолмен жүріп жатыр. Бұл трассадағы жөндеу жұмысы былтыр ғана басталған.Тасқыннан соң су ағатын екі құбырды жер қарайғанда орнатамыз деп отыр.

- Қазір осы учаскеде екі су өткізгіш құбырды смета бойынша ауыстырамыз. Ауыл тұрғындары автокөлікпен оң жағымыздағы қырдағы жол арқылы қатынас орнатты.

Көктемгі тасқын, әдеттегідей, Ақтөбедегі Батыс-2 ықшамауданы тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Былтыр да мұндағы бар аула көлкіген суға толып, бір оқушы арықтағы суға батып кете жаздаған. Бұл жолы жертөлесі суға толған көпқабатты бір үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге шығаруға тура келді. 

Гауһар Үмбет, Ақтөбе тұрғыны:

- Су жертөлеге толды. Электр қондырғылардың бәрі сол ең төменгі қабатта орналасқан. Тұрғындарды дереу сыртқа шығардық. Төтенше жағдайлар департаментінен құтқарушылар келді. Электрден ажыратып, сосын барып қайта кіргіздік Кешелі бері жертөледен суды әлі сорып жатыр.

Тасқыннан аймақтағы бірнеше жолда көлік қатынасына шектеу қойылған. Кешелі бері Шалқар мен Ембі арасындағы жол уақытша жабылды. Мамандар бірнеше көпірді күні-түні күзетіп отыр. 

Рүстем Төреғалиев, Ақтөбе облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір Шұбарқұдық, Ойыл, Қобда, Соль Илецк жолының төрт учаскесінде мәселе орын алып отыр. Ол 16-шы шақырымы Кенжалы көпірі, сосын Ойыл ауылынан 20 шақырым жерде Қуырдақты көпірі бар. Одан бөлек Ақырап, Жиренқопа ауылы жағында 259-346 шақырымында.

Ақтөбе облысында тоң әлі жіби қойған жоқ. Өзен-сулар енді көтеріліп жатыр. Бұл қауіптің басы ғана дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде