{metadescription}
Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады
Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады

Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады

Елде реформалар жалғасады. Президент мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға арналған тың бастамаларды алдағы сайлаудан кейін жариялайды. Бүгін әкім қаралар мен мемлекеттік орган басшыларын Ақордаға жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жобалардың нәтижелі болуына ел ынтымағы аса қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біз тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейміз. Өкінішке қарай, бірлігімізді бұзғысы келетін теріс пиғылды адамдар аз емес. Мұндай заңсыз әрекеттің алдын алу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады.

Арандатуға қарсы күрес жедел әрі жүйелі түрде, заң аясында жүзеге асуы керек. Президенттің ел тағдыры үшін маңызды шешім қабылдайтындарға айтары бар. Сөз бостандығы деп беталды сөйлеу елдің тұтастығына, қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл ретте жастардың тәрбиесі аса маңызды. Оны мемлекет басшысы әкімдіктер мен құзырлы органдарға мықтап тапсырды. Әсіресе рухани азғындалып, түрлі діннің, теріс ағымдардың етегінде кетіп, салт-санасын өшіріп алмауын қадағалайық деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Елді рушылдық пен жершілдікке бөлінуге итермейлейтін фактордың бірі – жөн-жозықсыз қойылып жатқан ескерткіштер. "Ешкім танымайтын аталарының өмірбаянын қолдан жазып, Кеңес кезеңіндегі қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш орнату ісі әлі жалғасып келеді" дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде