{metadescription}
Мердігер компания Павлодар әкімдігінен жұмыс ақысын ала алмай жүр
Мердігер компания Павлодар әкімдігінен жұмыс ақысын ала алмай жүр

Мердігер компания Павлодар әкімдігінен жұмыс ақысын ала алмай жүр

«Әкімдік 304 миллион теңге қарыз». Павлодар қаласында жол жөндеген мердігер компания басшылығы осылай деп шағымданды. Айтуларынша, жергілікті әкімдік былтыр атқарылған жұмыстың ақшасын сол күйі бермеген.

"Тіпті жұмыс барысында қызметтік көліктерін тосқауыл қылып қойып, кедергі жасап бақты" - дейді мердігер. Ал Павлодар әкімдігі қандай уәж айтты? Жұмысқа қасақана кедергі келтіргені рас па?

Павлодар қаласындағы көлік көп жүретін Катаев көшесі. Тақтайдай теп-тегіс болғаннан соң, темір тұлпарлар әрлі-берлі ағылып жатыр. Былтыр шілдеден қарашаға дейін елордалық компания мұнда жөндеу жүргізген. Бірақ жұмысқа кіріскеннен бастап жергілікті әкімдік тарапынан қысым басталды дейді

Нимаджан Әбдіқадыров, Partners Realty ЖШС жоба жетекшісі:

- Біз түсіндік, жұмыс істетпей қарсылық көрсетіп жатқанын Техникаларымыздың алдына өздерінің қызмет көлктерін қойып қойды. Прокуратура шақырды, полиция да шақырды. Бірақ прокуратура, полиция шешім шығарды. Біздің «Партнерс реалти» дұрыс істеп жатыр.  

Төсеген асфальтты бөлшектеп, сараптама жасаймыз деп те келіп кетіпті. Қысымға қарамастан межелі уақытта жұмысты бітірсе де, әлі күнге дейін жұмысына көк тиын алмаған. Соның салдарынан жұмысшылардың жалақысы да уақтылы төленбей, шығынға баттық дейді олар.

Гауһар Әбішова, «Partners Realty» ЖШС есепшісі:

- Бізге тиесілі ақымызды төлемегеннен соң біраз қарызға батып қалдық. Төленбеген жұмысшылардың қарызының өзі 20 миллион теңге, салық төлемегеніміз үшін бюджетке 40 миллион теңге қарызбыз. Бұдан бөлек, несие берушілерге де біраз берешегіміз бар.

Павлодар қалалық әкімдігі мемлекеттік сатып алу базасында жол құрылысынан бөлек, мектепті күрделі жөндеуді қосып жіберген. Яғни біздің құзіретімізге кірмейтін жұмыстың нәтижесін бізден сұрағысы келді - дейді компания басшысы.

Әсет Әлібеков, «Partners Realty» ЖШС директоры:

- Біз қазір кәсібімізбен айналудың орнына өзіміздің заңды құқығымызды дәлелдей алмай жүрміз. Осы жағдайдың кесірінен қаншама білікті мамандарымыздан айырылдық. Біз павлодарлық компания болмағаннан кейін жергілікті әкімдік бізге осылай қысым жасап отыр деп ойлаймыз. Бірақ, ең бастысы, жұмысты кім істесе де, адал атқарса болды емес пе?

Павлодар әкімдігі жұмысқа кедергі келтіргеніміз жоқ деп ақталды. Керісінше, мердігер компанияның өзін кінәлап отыр. Айтуларынша, сот арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қара тізіміне де енгізіп қойыпты.

Арслан Қалиақпаров, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Жалпы сомасы, жол бойынша 304 миллион теңге. Жол мен жолдың негізі арасында құйылатын битумның кейбір жерде болмауы және де осы асфальттың құрамына тиісті сәйкес келмеуі және қиыршық тастың орнына алдында қолданыста болған асфалттың қолданылуы.

Ал Павлодар қаласы әкімдігінен жұмыс ақысын ала алмаған мердігер компания арызын Бас прокуратураға жолдаған. Істің ақ-қарасын осы құзырлы орган анықтайды деп үміттеніп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.