{metadescription}
Қостанай облысында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген
Қостанай облысында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген

Қостанай облысында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген

Қостанай облысында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген азаматқа үкім шықты. Сотта психикалық ауытқуы бары анықталған 45 жастағы азамат енді мәбжүрлі түрде емделуге тиіс. 

Оқиға бір жыл бұрын Рудный қаласында болған. Ауылдасымен бас араздығы бар жергілікті тұрғын қоңсылас әйелді баласымен қоса өртеп жіберді. Яғни ауласына келіп, екеуінің үстіне керосин шашып, артынша от қойған. Ең сұмдығы, олар далаға шығып кетпесін деп, өзі сыртқы есікті бергі беттен жауып тұрыпты. Жанұшыра айғайлаған дауысын көршілері естіп араша түскен.Төрт жастағы баланың денесі 50 пайызға күйік шалса, анасының қолының терісі күлдіреп кеткен. Абырой болғанда екеуі де аман. Ал оларға қастық қылған сотталушы түрмеге емес, аурухана кетті. 

 

Алтынай Сағындықова, судья:

- Айыпталушы қылмыс жасар кезінде өзіне есеп бере алмайтын жағдайда болған. Сотпсихиатриялық тексеру қорытындысы соны көрсетіп отыр. Оның бойында ауытқуы бұрыннан болған. Енді ол мәжбүрлі түрде емделеді. Және жәбірленуші тарапқа 2,5 миллион моральдық шығын төлеу жүктелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.