{metadescription}
Шымкентте тұрғын үй кешенінің кәріз суы Сайрам өзеніне құйылып жатыр
Шымкентте тұрғын үй кешенінің кәріз суы Сайрам өзеніне құйылып жатыр

Шымкентте тұрғын үй кешенінің кәріз суы Сайрам өзеніне құйылып жатыр

Өзенге аққан нәжіс. Шымкенттегі «Базар қақпа» деп аталатын тұрғын үй кешенінің кәріз суы Сайрам өзеніне құйылуда. Табиғат ластанып жатқанын шенеуніктер жақсы білеміз дейді. Себебі, кәріз құбырын жүргізген мердігер жұмысты сапасыз орындап. өзен суы былғанып, айналасы қоқысқа көмілген.

Шымкент шетіндегі көпқабатты үйлердің  бс жыл бұрын кәріз жүйесі жаңартылған. Алайда жұмыс сапасыз жасалып, енді шайынды су үйлердің жертөлесіне құйылып жатыр. Тұрғындар әр екі апта сайын құбыр тазалағыштарды шақыруға мәжбүр.

Кәріз жүйесін жасағандар құбырды іргеде ағып жатқан Сайрам өзеніне шығара салған. Ақыры көпқабатты үйлерден шыққан сарқынды су тура өзенге құйылып жатыр.

Айнұр Жалғасбаева, Шымкент тұрғыны:

- Міне, ластың бәрі Сайрамға кетіп жатыр. Бәрі осыны ішіп, шомылып, жуынып жатыр. Осы су білініп жатыр.

Онсыз да әбден былғанып, жағымсыз иіс басқан Сайрам өзеніне нәжістен өзге қоқыс та төгіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, көрінген көлік өзен жағасына қалдық тастап кетеді. Тіпті түсру тобының көзінше жүк көлігі қоқысты өзен жағасына аудара салды. Тұрғындар күнде қайталанатын бұл жағдайға жауаптылар еш шара қолданбайды деп күйінді.

Фируза Жүсіпова, Шымкент тұрғыны:

- Жұрт қоқыс әкеп тастап жатыр. Иттерін әкеп тастап жатыр. Анау күні де көрдім, кішкентай бала қапта иттімысық па, білмеймін, күтіп тұрды да, көпірден өтіп кеткеннен кейін, мөшегін өзенге лақтырып кетіп бара жатыр.

Қалның энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы кәріз суы өзенге ағып жатқанын жақсы біледі. Айтуынша, 2018 жылы кәріз жүйесін ауыстырған мердігер жұмысты шала-шарпы істеп кеткен. Сондықтан кей құбырды амалсыз өзен арнасына қарай бұрдық дейді шенеуніктер.

Еркеғали Жаназат, Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- Демеушілер есебінен уақытша қостық. Қазір коллекторге тасталып отыр. Бірақ жаңағы жұмыс аяқсыз қалуына байланысты кейбір абоненттің ылдиы келмей, өзенге тасталынуд, иә, шайынды су. Бізге айыппұл салды, желтоқсан айында, 108 мың ба, 128 мың ба. 2021 жыл ма, есімде жоқ.

Айтпақшы, істемейтін кәріз жүйесіне тұрғындардан ай сайын ақы алынады. Десе де шенеуніктер биыл, жыл соңына дейін қалдық су ағатын жүйені толық жаңартамыз деп отыр. Ал өзен бойын ластағандармен күресу полицияның құзырында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде