{metadescription}
"Ақ жол" өкілдері Ақтаудағы ірі кәсіпорынды аралады
"Ақ жол" өкілдері Ақтаудағы ірі кәсіпорынды аралады

"Ақ жол" өкілдері Ақтаудағы ірі кәсіпорынды аралады

"Ақ жол" партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысымен Ақтау қаласына ат басын тіреді. Кандидаттар алдымен Алаш қайраткерлерінің бірі – Жалау Мыңбаев монументіне гүл қойды. 

Мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын ірі зауытқа соғып, кәсіпорынды аралады. Еңбек ұжымымен жүздесіп, қызметкерлерге сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін баяндады.

Азат Перуашев, "Ақ жол" партиясының төрағасы:

 - Маңғыстаулықтарды Амал мейрамымен құттықтаймын! Өзіміздің дәстүрлі партиямыздың қолдаушылары, электораты – отандық өндірушілер. Қамқор машина зауытына келіп, керемет әсер алып отырмын. Мұндай ұлттық компаниялар көп болсын деп айтқым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде