ЖСДП бүгінге дейін 500-ден астам үгіт-насихат жұмысын жүргізген
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері Жолымбет ауылының тұрғындарымен кездесті. Саяси ұйым өкілдерімен тілдесу үшін жұртшылық республикалық штабқа арнайы келген.
Автор: Салтанат Шырынхан
13.03.2023
Азаматтар ауыл шаруашылық, экология және жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталды. Ал үміткерлер тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарына жауап беріп, проблеманы шешудің жолдарын ортаға салды.
Бүгінге дейін депутаттыққа кандидаттар 500-ден астам үгіт-насихат жұмысын жүргізген. Енді тағы 300 шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мақсұт Насибулов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі:
- Біздің ЖСДП республикалық штабына ауыл тұрғындары келсек деген өтініш білдірді. Кездесуде сол ауылдың мәселелері жөнінде айтып кетті. Бұл ауылда 5 мыңға жуық халық тұрады. Олар көбінесе ауыл шаруашылығымен айналысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!