{metadescription}
Ақтөбе әкімінің орынбасары ақталып шығып, лауазымына қайта оралды
Ақтөбе әкімінің орынбасары ақталып шығып, лауазымына қайта оралды

Ақтөбе әкімінің орынбасары ақталып шығып, лауазымына қайта оралды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына мемлекет 12 миллион теңге өтейтін болды. Қазына қаржысын жымқырды деп айыпталған Жангелді Әубәкіров кейін ақталып шыққан болатын. Тіпті жыл басында бұрынғы лауазымына қайта оралды.

Сондықтан ол үш жыл бұрын басталған тергеу мен қамауға алған кездегі жалақасын даулап сотқа шағымданған. Қаржы министрлігінен үш жылдың айлығына 22 миллион теңге өндіруді талап етіпті. Судья оның арызын жартылай қанағаттандырып, 12 миллион теңгеге төмендеткен. Бұған дейін моральдік шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы алып үлгерген.

Жангелді Әубәкіров пен қарамағында істеген үш адам бюджет қаржысын жеді деген айыппен 7 жылға сотталған. Шенеунік қаланы жаңажылдық безендіруге бөлген ақшаны иемденіп, өзіне қымбат көлік, былғары кресло алды делінген. Алайда бұл айыптаулар дәлелденбей, Жоғарғы сот Ақтөбе әкімінің орынбасарын ақтап шығарды.

Айжамал Сүндет, Ақтөбе облысы сотының баспасөз-хатшысы:

- Азамат Әубәкіровтің пайдасына оны қылмыстық жауапкершілікке тарту және заңсыз соттау салдарынан келтірілген мүлік зияны 12 миллион 404 мың 702 теңгеге өндірілді. Сот актісі заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде