{metadescription}
Үкімет қайта жасақталады. Сарапшылар пікірі
Үкімет қайта жасақталады. Сарапшылар пікірі

Үкімет қайта жасақталады. Сарапшылар пікірі

Министрлер бүгін бірі қалмай Үкіметте жиналды. Мәжіліс сайлауына санаулы күн қалғаны белгілі. Демек заңға сәйкес, Үкіметтің қазіргі мүшелері таратылып, құрамы қайта жасақталуы қажет.

Әлихан Смайыловтың командасы толық өз орнында қала ма, жоқ па, жауабы әзірге уақыт еншісінде. Ал министрлердің ешқайсысы өз еркімен жылы орнын беруге асығар емес. Сарапшылардың пайымы қандай?

Министрлер кабинетінің бұлайша төрт көзі түгел жиналуы сирек. Бәлкім осы отырғандардың кейбірі сайлаудан кейін құтты орнына қайта қонады, ал өзгесі тіпті қызметімен біржола қош айтысатын да шығар. Мәжіліс сайлауынан кейін, заңға сәйкес, Үкімет таратылып, құрамы қайта жасақталады. Қазіргі министрлердің бірнешеуі таяуда ғана тағайындалғанымен, арасында халықтың да, президенттің де сенімінен шықпай жатқаны жетерлік. 

Есенжол Алияров, саясаттанушы:

- Ескерту жасағаннан кейін, біз байқағанымыз, бір айдың арасында біраз шешім қабылданып жатыр. Айтылған кемшіліктерді жою жағынан. Премьер жиі кездесіп, істеп жатқан жағдайын айтып, өндірістер орнына барып, кейбір дұрыс жұмыс істемей жатқан өз командасындағы министрлерге ескерту жасап, соны көріп отырмыз. Үкімет те сондай сенім болатын үкімет болуы керек. Үміт күтетін үкімет болуы керек.

Саясаттанушылар аутсайдердердің тізімінде цифрлық даму министрі Бағдат Мусин көш бастап тұр деген пайымда. Себеп белгілі. Соңғы жылдарда интернет жылдамдығы тіптен нашарлап кетті. Ауыл-аймақты айтпағанда, Астананың қақ ортасында отырып-ақ телефонмен сөйлесу мұңға айналды. Дегенмен министр Мусин әлі де «біздегі интернеттің жылдамдығы да, бағасы да басқаларамен салыстырғанда қолжетімді» деген сенімде. Ал өзіне қатысты кез келген шешімге дайын.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Біз мемлекеттік қызметші ретінде, саяси қызметкер ретінде, әр күн сайын кетуге дайынбыз. Сондықтан қашан бізге бұйрық беріледі, орынды босатамыз. Келесі үкіметке бізді тағайындай ма тағайындамай ма, ол біздің қолымызда емес, мәжілістің қолында, президенттің қолында. Президент өзі шешім қабылдайды. Өзіме баға беру дұрыс емес.

Екібастұз бен Риддер халқының қақаған қыста бүрсеңдеп қалғаны энергетика министрінің ел алдындағы сүйкімін қашырғаны рас. Ауқымды апаттан кейін әбден тозығы жеткен жылу энергетика орталықтарын жөндеу, жаңалау туралы бастама көтерілгенімен, бәрі әзірге тек қағаз жүзінде. Дегенмен Ақшолақов тапсырма болса, әрі қарай жұмыс істеуге кетәрі емес.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Қолымыздан келгенше жұмыс атқардық. Келесі құрамда көруіміз мүмкін бе? Оны білмймін. Ол деген қызмет қой. Тапсырма болса, жұмыс істейміз.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Негізі баға беру менің міндетім емес. Біз жұмыс атқарамыз. Өзімізге, алдымызға қойған талап, мақсаттарды орындап, атқару керек.

Әскер қатарында сарбаздар өлімінің жиілеуі қорғаныс министріне оңай болмасы анық. Ал қызыл суға әзірлікті қаңтардан бастағанымен, биылғы тасқын төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге де үлкен сын болғалы тұр. Дегенмен, бұл әзірге болжам ғана. Кімнің қайда баратынын сайлаудан кейін көреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде