ҚХП өкілдері Алматыда сәулетшілермен кездесті
Қазақстан халық партиясының өкілдері сәулетшілермен кездесті. Жиын «Алматы бас жоспары» мекемесінде өтті.
Автор: Әзиза Төленби
14.03.2023
Қызметкерлер қаладағы тұрғын үйлер, бизнес-орталықтар, мәдениет пен спорт нысандары, демалыс орындарының ғимараттарын жобалаумен айналысады. Кандидаттар өз тұғырнамасын түсіндіріп, мегаполистің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады.
Тұрар Рысқұлов, Қазақстан халық партиясының мүшесі:
- Алғашқы кездесу кәсіпкерлермен болды. Содан кейін дәрігерлермен, мұғалімдермен және байкерлермен де кездестік. Спорт марафоны өткен болатын. Ол жерде спортшылардың арасында үгітнасихат жүргізіп, сайлауалды бағдарламамызды таныстырған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!