{metadescription}
Ақмола облысында қар соңы боранға ұласты
Ақмола облысында қар соңы боранға ұласты

Ақмола облысында қар соңы боранға ұласты

Ақмола облысында алай-дүлей боран басталды. Түнде жауған қалың қар, қатты соққан желмен ұйытқып тұр. Қарыс қадам көрінбей, бірнеше республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.  

Санат Есетов, ТЖБ аға инженері:

- Ауа райының күрт бұзылуына байланысты қардың жаууы, желдің ұйытқуы, осыған орай Астана-Петропавловск Макинск-Жалтыр тас жолдары жабылды. Сіздерден үйлеріңізден жолға, басқа елдімекендерге шықпауларыңызды сұраймыз.

Наурызда жауған аппақ қар соңы боранға ұласты. Көктайғақта онсыз да әрең жүрген жұрт енді сыртқа шыға алмай отыр. Өйткені түк көрінбейтін алай-дүлей боранда қауіпсіздік үшін жолдар жабылды. Астана-Петропавл, Көкшетау-Омбы сондай-ақ, облыстық маңызы бар бірнеше жол учаскесінде көліктердің барлық түріне шектеу қойылды. Ауа райының күрт бұзылғанына қарамастан сапарға шыққан жүздеген көлік қазір кептелісте тұр.
Көкшетауда қалың қар жауғанымен күн ашық. Бірақ жергілікті синоптиктер алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, 8-10 градусқа дейін суытатынын айтады. Сондай-ақ қалың тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде