{metadescription}
Алматыда аулада ішімдік ішкендер бөтелкелесін өлтірген
Алматыда аулада ішімдік ішкендер бөтелкелесін өлтірген

Алматыда аулада ішімдік ішкендер бөтелкелесін өлтірген

Алматының балалар алаңқайында 35 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген жігіт оның жақын танысы болып шықты. Екеуі де Түркістан облысының тумасы әрі құрылыста бірге жұмыс істепті. Сыра ішіп отырып жерлесінің өмірін бір соққымен үзген 22 жастағы күдікті кемі 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Элиталы ауданда қылмыс қалай болған?

Жаға ұстатар оқиға күні кеше түнгі 12 шамасында балалар алаңында болды. Аайнала қып-қызыл қан. Отыратын орындықта да, жерде де қан іздері жатыр. Ал пышақталған ер адамның денесін осы жерден тауыпты.
Жанжал бір пәсте басталып, бір пәсте аяқталған сияқты.
Самал-3 шағын ауданының тұрғындары шу мен артық дауысты естімедік дейді. Бірақ дәл сол уақытта екі адам емес, бір топ жігіттердің осы алаңда ішімдік ішіп отырғанын байқапты.
Карина Құлмұрзаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен өзім екінші қабатта тұрамын. Түнгі сағат 11 жарым 12-лерде осы жерде 7 адам ішімдік ішіп отырғанын көрдім. Бір кезде үйіміздің жанынан тап-тұйнақтай киінген бір ер адам өтті. Ол да кішкене мас сияқты. Дәл соны өлтіріп кеткенін артынан білдім. Бірақ ешқандай айқай-шу естімедім. Түнде полицейлердің дабылы маза бермегесін, терезеден қарасам, талдардың астында сол кісі жатыр екен. Денесінің бәрі пышақталған.

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай, бірден құрықтаған. Сөйтсе, екеуі жерлес екен. Сыра ішіп отырып жанжалдасып қалыпты. Соңында танысының кеуде тұсына пышақпен бір соққы берген. Ал қасындағылардың қылмысқа қаншалықты қатысы барын тергеу анықтайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Алдын ала мәлімет бойынша екі азамат қаламыздағы құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істейді. Кеше жалақысын алғаннан кейін екеуі спирттік ішімдік ішіп, осындай қайғылы оқиғаға душар болды. Қазір ҚК 99-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Бөтелкелесін өлтірген 22 жастағы күдікті қазір қамауда отыр. Ол өз кінәсін толық мойындапты. Енді кемі 12 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде