{metadescription}
Елімізде аяқ киім 20 пайызға қымбаттауы мүмкін
Елімізде аяқ киім 20 пайызға қымбаттауы мүмкін

Елімізде аяқ киім 20 пайызға қымбаттауы мүмкін

Елімізде аяқ киімнің құны 20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Кәсіпкерлер осылай деп шырылдап отыр. Бұл биыл 1-ші сәуірден бастап күшіне енетін аяқ киімді таңбалау туралы заңға байланысты. Яғни, әр аяқ киімді таңбалау кәсіпкерлер үшін қосымша шығын. Дегенмен күрмеуі қиын мәселенің екінші қыры бар.

Қазірдің өзінде аяқ киімнің сапалысы арзан тұрмайды. Жоқ дегенде 50-60 мың теңге. Иә, ең төменгісі осындай баға. Бірақ таяу арада мұның өзіне жылап көрісуіміз мүмкін. 1 сәуірден бастап арнайы таңбасы жоқ аяқ киімдерді саудалауға тыйым салынады. Екі жылдан бері саудагерлердің қорқынышты түсіне айналған жоба кәсіпкерлердің қарсылығына қарамастан, жүзеге асатын болды. Несі қорқынышты десеңіз...

Дамир Жексембеков, сатушы:

- Мұның барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Демек QR код алып, таңбалай қоятындай жеңіл процесс емес. Алдымен сен кодты аласың, одан кейін оны іске жарайтындай етіп, іске қосасың. Одан кейін әр кодты елге кіргізу үшін арнайы базаға енгізесің. Ең қиыны сол. Түсінесіз бе, әр кодты бөлек жүктейсің. Мәселен, ең аз дегенде 4500 жұп аяқ киім болса, соның әрқайсысын реестр сайтына енгізіп отырасың. Мұның барлығы кәдімгі күш. Еңбек күші қажет болады қосымша. Уақыт алатыны және бар. Әрі қып-қызыл шығын.

Осылайша саудагерлерге қосымша қолдың күші қажет. Ол дегеніңіз қосымша жұмыс орны. Оған төленетін еңбекақысы және бар... Қысқасы, шығыстың орнын толтыру үшін кірісті клиенттің есебінен көбейту керек болады. «Демек дүкен сөрелеріндегі аяқ киім қазіргіден де қымбаттай түседі» дейді кәсіпкерлер. Алайда жауапты мамандар бұл уәжбен келіспейді. Бір жұп аяқ киімді таңбалау құны бар болғаны 2 теңге 68 тиын. Бірақ аяқ киімді импорттаушылар қосымша табысты көру үшін, көрпені өзіне тартып әлек дейді олар.

Ерболат Боранбай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жеңіл өнеркәсіп басқармасы бас сарапшысы:

- Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекет үшін аяқ киім нарығын бақылау және де заңды-заңсыз жүзеге асырылып жатқан бизнес өкілдерін тең дәрежеде бәсекелестік қалыптастыру болып келеді. Мысалға алып қарайтын болсақ, заңсыз кіріп жатыр ғой, елімізге аяқ киім, бізге бұл заттың шығу тегі, яғни тауар өндірушіден сатып алушыға дейінгі кезең бақыланатын болады. Сондай ақ бізге қанша көлемде аяқ киім кіріп жатқанын көре алтын боламыз.

Елімізде жыл сайынғы аяқ киім импорты 90 млн. жұп. Оның тек 45 миллионы, яғни жартысы ғана ресми түрде әкелінеді екен. Ал аяқ киімді таңбалауды енгізу бейресми импортты азайтуға және елдегі аяқ киім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді деген пайымда.

Шамухтар Шаюнусов, бас директордың орынбасары:

- Мен мұны дұрыс деп санаймын. Себебі өзіміздің отандық тауар өндірушілер арасында бәсеке пайда болады. Сырттан оңды-солды тауар тасымалдайтындардың сарыны тоқтайды. Бұл, әрине, жағымды әсерін береді. Сондай-ақ аяқ киімді сатқан уақытта арнайы таңба автоматты түрде салық инспекциясының базасына түседі. Олар сол кәсіпорынның ашықтығын көріп отырады. Сондықтан біз отандық кәсіпкерлердің дамуы үшін мүдделі болуымыз керек.

Ал аяқ киімді таңбалау туралы пилот жоба осыдан екі жыл бұрын енгізілді. Әрі кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын Атмекен палатасымен бірлесе отырып әзірленген. Арнайы заң 1 сәуірден бастап күшіне енгенімен, әкімшілік жазаға әзір ешкім тартылмайды. Министрліктерге жолданған арнайы ұсыныс мақұлданғаннан кейін ғана айыппұлдың көлемі белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде