Абай облысында арақ-шарапты заңсыз саудалаған азамат ұсталды
Абай облысында қолдан құйылған арақ-шараптарды заңсыз саудалаған азамат ұсталды. Оның жеңіл көлігінен 206 литр ішімдік тәрікіленген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.03.2023
49 жастағы азамат сапасыз спирттік өнімдерді Семейден тасымалдаған. Осылайша оңай олжаны көздеген күдікті Көкпекті ауданын арзан арақпен қарық қылыпты. Заңсыз жолмен өндірілген өнімдерді жергілікті дүкендерге өткізіп отырған. Тәртіп сақшылары оның көлігін тінту кезінде жүк салғышынан 250 дана пластик бөтелке мен 72 шыны құмыраға құйылған ащы суды тәркіледі. Қолдан жасалған арақ-шарап арнайы сараптамаға жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
30 қараша
29 қараша
Серіктестер жаңалықтары