{metadescription}
Жамбыл облысы: Фанкони анемиясына шалдыққан 3 жасар Хамитке көмек қажет
Жамбыл облысы: Фанкони анемиясына шалдыққан 3 жасар Хамитке көмек қажет

Жамбыл облысы: Фанкони анемиясына шалдыққан 3 жасар Хамитке көмек қажет

Жамбыл облысында Фанкони анемиясына шалдыққан 3 жасар Хамиттің отбасы жомарт жандардан көмек сұрайды. Сирек кездесетін дертке душар болған балаға шұғыл түрде ота жасату керек.

Хамиттің анасы балам бір бүйрексіз шала туған деп отыр. Бірақ дәрігерлер ұлыңыздың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ депті. Алайда бүлдіршіннің хәлі күн өткен сайын нашарлап, мұрнынан қан тоқтаусыз аққан. Соның салдарынан бала жүдеп, салмағы жеті келіге бір-ақ түскен. Жамбылдық отбасы түркиялық клиникаға жүгінген екен. Қазір кішкентай Хамитке донорлардың қанын құйып жатыр. Алдағы уақытта балаға Ыстамбұлда жілік майын ауыстыру отасын жасату керек. Емге шамамен 70 миллион теңге қажет. Әзірге аталған отбасы тек 3 миллион теңге жинаған.

Нәзима Есова, Хамиттің анасы:

- Қазақстандық дәрігерлер екі жарым жыл бойы балама нақты диагноз қоя алмады. Ең қорқыныштысы, ұлымның қаны тоқтаусыз ағып жатыр. Осы орайда, барлық отандастарымыздан емге қаржылай көмек көрсетуді сұраймын. Біздің баланың өмірі сіздердің қолдарыңызда.

Байланыс тел: 8 747 697 54 98

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде