{metadescription}
«Каникулы off-line» фильмінің үшінші бөлімі шықты
«Каникулы off-line» фильмінің үшінші бөлімі шықты

«Каникулы off-line» фильмінің үшінші бөлімі шықты

«Каникулы off-line» фильмінің үшінші бөлімі көрерменге жол тартты. Трилогияға айналған туындының алдыңғы екі бөлімі де көпшіліктің қошеметіне ие болып, ең көп қаражат жинаған туындылардың тізіміне кірген еді.

Қызыққа толы отбасылық комедияға түскен актерлердің дені — жасөспірімдер. «Каникулы off-line» фильмінің үшінші бөлімі де қызықтан кенде емес. Отбасылық комедия кез келген жастағы адамның көңілінен шығары сөзсіз. Картинаның түсірілімі  бар-жоғы 20 күнге созылыпты. Оған қоса отандық туындыда рөлдердің көбін әлі танылмаған жасөспірімдер сомдаған.
 
Ернар Құрмашев, фильмнің продюсері:

- Біріншіден, бұл фильмде отбасы құндылықтарын, достық пен Отанға деген махаббатты, туған тілді құрметтеу керектігін көрсетеміз. Ең бастысы, адамдарды бірліккке шақырамыз. Фильмді менің туып-өскен ауылымда түсірдік. Актерлердің көбі кәмелетке толмаған, осы салада тәжірибесі жоқ балалар. Сондықтан комедияны көруге кеңес беремін.


Фильмнің сюжеті балаларға арналған «Ауылкэмп» атты этно-лагерьде өрбиді. Қалада өскен жеткіншектер телефон, планшеттерін тастап, ауылдың қоңыр тіршілігімен танысады. Оқушылардың бастан кешкен қызықты оқиғалары көрермендерді қыран-топан күлкіге қарық қылдырады.
Мағжан Хамит, актер:

- Бұл фильмнен кейін мен ата-анаммен көп уақыт өткізетін болдым. Ата-анамды сыйлайтын болдым. Көп сөйлесетін болдым. Бағалай білдім. Үш-төрт жылдай болды фильмді жалғастырмағанымызға. Жаңа кішкентай балалармен танысқанымызға қатты қуандық. Сол кездер өте қызықты болды.

«Каникулы off-line» фильмінің алдыңғы екі бөлімі ең көп көрілген туындылардың тізіміне кірген. Фильмнің үшінші бөлімі ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастайды. Отандық комедияны тамашалаудан қапы қалмаңыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде