{metadescription}
БҚО: Тасқын судан титықтаған халық ...
БҚО: Тасқын судан титықтаған халық ...

БҚО: Тасқын судан титықтаған халық ...

Батыс Қазақстан облысындағы су астында қалған елдімекен халқы біртіндеп үйіне орала бастады. 100-ге жуық тұрғын баспанасына жайғасып та үлгерді. Ал қалғаны төтеншеліктердің рұқсатын күтуде. 

Кей ауылдарға жету мүмкін емес. Өйткені ортаны ағын су бөліп тұр. Ал ондағы жұртқа керек жарақтың бәрі қайықпен жеткізіліп жатыр. Төрт күн бойы тасқын судан титықтағандардың жайы қалай?

Ауыл халқы аралда қалғандай күй кешуде. Айнала көлкіген су. Үйге кіру үшін бәрі қолдан көпір жасаған. Бұқара қалт-құлт етіп ағаш өткелдерден әзер өтіп жүр. Әзірге аулаға жиналған судың тартылатын түрі жоқ. Оны сорып алғанымен қайта жиналады.

Светлана Рақымова, Достық ауылының тұрғыны:

- Жылдағыдан гөрі биыл қар шапшаң еріді ғой. Соған байланысты суға кеттік. Мотор күйіп кетті, шахтаға су кетті, септик толды.  

Аймақта жалпы саны 200-ге тарта тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Солай етуден басқа амал қалмаған. Өйткені қызыл су аула түгілі, баспана ішіне толып қалды. Туысын жағалап кеткендердің тең жарамы үйіне оралып үлгерді. Сорлардың бірі — Қанат Кәкімов. Жергілікті азаматтың айналысатын шаруасы енді көп. Ол тасқын талқандаған нысандарды қайта тұрғызуға тиіс.

Қанат Кәкімов, Өлеңті ауылының тұрғыны:

- Түстен кейін сағат 4-5 шамасында үйде мүгедек әкем бар еді. Сол кісіні шығарып, ағамның үйіне апардық. 10-15 минутта қайтып келгенше, сел келіп бәрін талқандаған. Үйге келіп тұрған газ бүлінді, сарайым кетті. Көршінің сарайы да. Үйге су кірді.

Аймақтағы тас жолдарды су басып, 12 ауылмен қатынас үзілді. Төтеншеліктер де бар күшті осы елдімекендерге жұмсап жатыр. Аралда қалғандардарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек қайықпен жеткізіліп жатыр.

Нұралы Мусиев, БҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Азық-түлік, сусын, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Медициналық көмекке мұқтаж жандар жоқ. Үйін қалдырып, туысына кеткен тұрғындар да бар. Олардың көшіп-қонуына жәрдем етіп жатырмыз.

Тасқыннан қорғану жұмысы алты ауданда жүргізілуде. Бірақ оның үшеуінде жағдай тұрақталып келеді. Оралдықтар қатты алаңдап отыр. Өйткені Деркөл мен Шаған өзендерінің деңгейі сәт сайын көтеріліп жатыр. Ал төтеншеліктер қосылған суды сантиметрмен өлшеп, жағада бақылап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.