{metadescription}
Ұлттық қордан тағы 800 миллиард алынатын болды
Ұлттық қордан тағы 800 миллиард алынатын болды

Ұлттық қордан тағы 800 миллиард алынатын болды

Үкімет бюджеттің жыртығын жамауға қажет ақшаны тағы Ұлттық қордан алмақ. Бұл жолы 800 миллиард теңге. Қаржы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін қажет. Биылғы бюджеттегі түзетулерді бекіткен сенаторларға бұл ұнамаса да, министрлердің қолын қаққан жоқ.

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 800 миллиард теңге көлемінде нысаналы трансферт қосымша тартылатын болады.

Ұлттық қордан алған ақшаны Үкімет биылғы түсіммен-ақ жабатынына сенімді. Яғни республикалық бюджет кірісі жоспардағыдан 720 миллиард теңгеге өседі деп болжап отыр. Бірақ бұл Сенат спикеріне ұнаған жоқ. Мәулен Әшімбаев Ұлттық қорға ауыз ашудан басқа ештеңе білмейсіңдер деп, министрлерге ескерту жасады. Өйткені алда әлі шығындалатын шаруа көп. 
Ішкі-сыртқы қарыздың көбеюі де қордың молаюына мүмкіндік берер емес. Бұның бәрі министрлер мен әкімдерде қаржы тәртібінің жоқтығынан дейді спикер.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Қаржы саласында тәртіп керек. Өйткені бізде шығыс өте көп. Әлеуметтік салаға біраз қаржы жіберіп жатырмыз. Сол себепті министрліктер, әкімдер қаржы саласында тәртіп орнату керек. Әртүрлі ұсыныс бере бермей, тек елдің жағдайына қатысты немесе стратегиялық инфраструктураға қатысты мәселелерді қаржыландыруымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.