{metadescription}
Түркия президенті қазақ халқына алғыс айтты
Түркия президенті қазақ халқына алғыс айтты

Түркия президенті қазақ халқына алғыс айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қиын сәтте бейжай қарап қалмаған қазақ халқына алғысын айтты. Жер сілкісінен зардап шеккен түрік елінің басшысы Қазақстанның бауырлас пейіліне рақметін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі арқылы жеткізді.

Мемлекет басшысының Анкараға сапары бүгін кеште басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысуға арнайы барды. Бауырлас мемлекеттердің дәл осы елде басқосуы тегін емес. Себебі, жиында президенттер төтенше жағдай кезінде бір жұдырықтай жұмылудың жолдарын жан-жақты талқыламақ. Ал Түркияның басындағы қиын жағдайды әлем жұртшылығы жақсы біледі. Сол себепті де Режеп Тайып Ердоған саммит алдында өз резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, алғаш болып қол ұшын созған қазақ халқына шынайы ризашылғын білдірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде