{metadescription}
Жолдау: Реформалар қалай жүзеге асырылып жатыр
Жолдау: Реформалар қалай жүзеге асырылып жатыр

Жолдау: Реформалар қалай жүзеге асырылып жатыр

Еліміз жаңғырудың жаңа жолына түсті. Бір жыл бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуы мен бұқараның әл-ауқатына серпін беретін Жолдауын жариялаған болатын. Сол уақытта айтылған реформалардың дені өткен бір жылдың ішінде іске қосылып, кезең-кезеңімен жемісін бере бастады.

Елдос Жұмағұлов, саясаттанушы:

- Жалпы бұл реформалар қайдан шықты? Бұл қоғамның сұранысы. Саясаттанушылардың терминімен айтатын болсақ, қоғамдның сұраныстарын, оның талаптарын орындау. Сол талаптардың бірі әділеттілік. Кез келген салада. Саясат, экономкиа, әлеуметтік салада. Бір жыл өткен соң қарайтын болсақ, әрине, біраз нәрсе істелді. Біраз өзгеріс басталды. Жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен де бізде мынадай күту бар. Бәрі бір күнде, бір айда, тез орнап қалуы керек.

Жолдауда зайырлы, құқықтық мемлекет құру жолында халықтың құқығын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға мән берілді. Азаматтардың талап-тілегі ескеріліп, олардың құқығын бұдан былай Конституциялық сот қамтамасыз ететін болады. Шетелге заңсыз шығарылған активтер мен қыруар қаражат та ел қазынасына қайтарылуда. Жемқорлардан тәркіленген қомақты сомаға үшауысымды мектеп мәселесі шешіліп, білім ошақтарына жөндеу жүргізіліп бастайды жуырда. Мемлекет басшысының өзі де Қаңтар оқиғасынан кейінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша екенін айтқан. Ондағы бастамалар бір ғана жылмен шектелмейді, үздіксіз, жылдар бойы жалғаса бермек. Ең бастысы - кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын ел болып, бірге іздеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде