Тасқын: Батыс Қазақстанда қауіп сейіле бастады
Батыс Қазақстандағы өзен суларының деңгейі төмендей бастады. Қауіп сейілгесін ел-жұрттың басым бөлігі үйлеріне оралып жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.03.2023
Сергей Мелехин, Орал қаласының тұрғыны:
- Дегенмен Жайықта әлі де қауіп бар. Су деңгейі көтерілсе, саяжайлықтардың жағдайы қиын болады. Күнде осында келіп, бақылап тұрамыз. Су біресе көтеріледі, біресе түседі. Түсінбейсің. Меніңше қалың мұзды жару керек.
Су деңгейінің қырық құбылуы ауа райы мен Ресейден келіп жатқан ағын судың көлеміне байланысты. Ең қауіпті деген аумақтарға бөгеттер қойылған. Деркөл таяздана түскенімен Шаған өзені сол қалпында. Аудандардағы ахуал да біртіндеп тұрақталып келеді. Тұрғындардың көбі үйіне оралды. Дегенмен 10 ауылмен көлік қатынасы шектелді. Өйткені тасқын су тас жолдарды басып қалған. Дәл қазір билікті де, бұқараны да Орал өзені алаңдатып отыр. Оның деңгейі сәт сайын артып жатыр. Ресейлік мамандар арнадағы судың биіктігі 7-8 метрге дейін көбейуі мүмкін екенін айтады. Ал шенуніктер қызыл суды да кәдеге жаратуға кірісіпті. Олар қазір қоймаларды толтырып жатыр. Кейін тіршілік нәрін ауылшаруашлығы мақсатында пайдаланбақ.
Рауан Құсайынов, «Қазсушар» РМК БҚО филиал директорының міндетін атқарушы:
- Су қоймаларының толтырылуы 39 пайызды құрап отыр. Бүгінгі күні су қоймаларының каскады толтырылуда. Командалық деңгейге жеткізілгіннен кейін. Шаруақожалықтардың өтінімдері бойынша су шығарыла бастайды. Сонымен қатар Көшім өзені сағасындағы көлдерді қоректендіру басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!