{metadescription}
Ойыл өзені арнасынан асып, жағасындағы ауылды су басты
Ойыл өзені арнасынан асып, жағасындағы ауылды су басты

Ойыл өзені арнасынан асып, жағасындағы ауылды су басты

Ақтөбе облысында енді Ойыл өзені арнасынан асып, жағасындағы ауылды су басты. Тіпті тасқын Қаратал ауылының іргесіндегі бөгетті бұзып кеткен. Қазір айналасын су басқан ауылдықтар аралдағының күйін кешіп отыр.

Бірнеше күн бойы қараталдықтар өзен ернеуін бекітіп жүрген. Бүгін тал түсте арнасынан асқан өзен суы ауылға жайылды. Бірнеше үйдің ауласы мен қора-қопсысы көлкіп жатыр. Қайта қорадағы малды құрғақ жерге шығарып үлгеріпті. Ал тұрғындарды жаппай қауіпсіз жерге көшіруде. Өзен арнасын бұруға ойылдықтардың әлі келмей, көрші аудандардан құтқарушылар шақырып жатыр. Облыс орталығынан да қосымша күш тартылған. Қазір Берсиев ауыл округімен қатынас үзілген. Онымен қоса тасқынның күшімен орталық газ құбырын үзіп кеткен. Ауыл толығымен көгілдір отыннан ажыратылды. Тұрғындары көмектің дер кезінде келмегеніне наразы. Ал бұған дейін тасқыннан қатынас үзілген Қобда ауданындағы екі ауыл мен бір қыстақ жарықсыз отыр. Қосөткел ауылында тасқыннан электр бағаналары құлаған. Сымдары үзіліп, оны қашан қалпына келтіретіні белгісіз. Байтақ ауылының жарықсыз отырғанына үш күннен асты. Ал Қазақбай қыстағында электр сымдарын мамандар қайта жалғап жатыр. Аудан орталығы Қобдада су басқан үйлердің шығыны есептеліп жатыр.

- Егер жалғыз баспанаң апатты болса, ол апатты болып саналады. Кейін ол порталға шығып, апатты болып бекітіледі. Жаңа үй салынып жатқан жерден үй тұрғызуға құқығыңыз бар. Біз ұсынысты қабылдаймыз. Бізде пәтер жобасы бар, саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде